Мысыр: Туристерге арналған КВИ тестілерін тапсырудың жаңа ережелері қолданылады

Мысыр Елшілігінде келген туристердің коронавирусты аранлған тест жүргізу ережелерінің өзгеруі туралы айтылды.

Ел билігі соңғы айда үшінші рет шетелдік саяхатшылардың елге келу шарттарын өзгертті.

1 қыркүйектен бастап Мысырдағы барлық шетелдік туристер шекараға келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын алынған COVID-19 тестінің теріс нәтижелерін көрсетуге міндеттелді. Бірақ бұл талап брондаудың күшін жоюға әкелді, мысырлық БАҚ-тың мәліметінше, қыркүйек айында Қызыл теңіз курорттарына арналған турлар бойынша шетелдік өтінімдердің үштен бір бөлігінің күшін жойған.

Мысырлық қонақ үйлер жаңа дағдарыс туралы сөз қозғай бастады. Ел үкіметі оларды сөзіне құлақ асты: шетелдіктерді ПТР-тестілеу туралы талап сақталды. Бірақ Хургада, Марса-Алам, Шарм-эш-Шейх және Таба әуежайлары арқылы Қызыл теңіз жағалауына баратын демалушылар 1 қыркүйектен бастап келгеннен кейін тестті тапсыра алады.

ПТР-тестілеудің құны 30 долларды құрайды. Анықтама беруден және келгеннен кейін тестілеуден алты жасқа дейінгі балалар босатылды.

Әзірге нәтижелердің қанша уақыт ішінде дайын болатыны және оларды күткен кезде шетелдік туристер қайда болуы тиіс екені белгісіз.

Дегенмен, биліктің жаңашылдығын жергілікті туроператорлар «жартылай шаралар» деп атайды, олардың пікірінше: жергілікті жерде ПТР-тестілеу туристік ағымды арттыруға көмектеспейді, себебі бұл демалыс шығындарының өсуіне әкеледі. Мысалы, үш адамнан тұратын отбасына (алты жастан асқан баласы бар) 90 доллар төлеу қажет болады. Сонымен қатар Мысырдың бәсекелестері — Түркия, Тунис — демалушыларды ерекше шарттарсыз қабылдайды.

1 қыркүйектен бастап Мысырда шетелдік қонақтар үшін археологиялық және туристік аудандарға, соның ішінде Луксор мен Каирге экскурсиялық сапарлар қайта басталды. Қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес 600-ге жуық қонақ үй бар, оларға 50%-дан аспайтын қонақтармен жұмыс істейге рұқсат берілген.

Мысыр билігінің мәліметінше, келу туризмі қайта жанданғаннан бері (1 шілдеден бастап) Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына 150 мың шетелдік келген. Олар негізінен Украина, Беларусь, Швейцария, Венгрия және Сербиядан келген туристер. Ресми ақпаратқа сәйкес, демалушылар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркелмеген.

2 қыркүйектегі жағдай бойынша Мысырда коронавирус жұқтырған 99 мыңнан астам адам тіркелді. 5440 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте елідің 176 азаматы ауру жұқтырды.

Добавить комментарий