Қонаевта «Мың бояулы аспан» фестивалін өткізуге қыруар қаржы жұмсалатыны белгілі болғаннан кейін, оны өткізілуіне қатысты даулар туындаған болатын.
Алайда Алматы облысының әкімдігі халықаралық әуе шарлары фестивалінің коммерциялық жоба ретінде көшетінін жариялады. Жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдарымен келісім жасау арқылы іс-шараны өткізуге 183 миллион теңге көлемінде қаражат табылды.
Фестивальді ұйымдастырушылар Алматы облысының туристік әлеуеті жергілікті және шетелдік туристерді тарту үшін барлық қажетті ресурстарға ие екенін атап өтті.
22-23 шілде аралығында Қонаевта өтетін «Мың бояулы аспан» фестивалінде әуе шарлары мен батпырауықтар ұшырылады. Оған әлемнің түрлі елдерінің өкілдері қатысады. Фестиваль жергілікті өңірде интерактивті өте көркем бағдарламамен сүйемелденеді.
Шарлармен ұшудан басқа, батпырауық сайысы, балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар, жарқын интернет-контентке арналған фотоаймақтар, музыкалық және театрлық шоулар, түнгі жарық қойылымдары мен жалғасады, деп хабарлады облыс әкімдігі.