Мусин 2021 жылы Сбербанкпен келісімшартқа қол қоятынын жоққа шығарды

Бағдат Мусин Қазақстан 2021 жылы Сбербанкпен келісімшартқа қол қояды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Жыл соңына дейін Қазақстан тек ақпараттық жүйелер мен құрылымдарды зерделеуді аяқтайды, деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

«Жоқ, бұл жалған. Мен айтып тұрмын ғой. Мен Қазақстанның министрімін. Біз тапсырыс берушіміз. Сондықтан бұл жалған. Жыл соңына дейін қол қоймаймыз, себебі бізде жыл соңына дейін тексеріс пен техникалық тапсырманы аяқтаймыз деген келісім бар», — деп мәлімдеді Бағдат Мусин үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық құрылымына тексеру жүргізілуде. Тексеруден кейін техникалық тапсырма дайындалып, тікелей Сбермен келісімшарт бойынша келіссөздер жүргізіледі.

«Қазір біз ресурстарымызды зерттеуге және терең техникалық тапсырманы әзірлеуге, барлық сараптамаларды жүргізуге көп көңіл бөліп жатырмыз. Бұл бірінші кезең және келісімге дейін осы сатылардың бәрінен өтуіміз керек. Осыдан кейін біз оның қалай жүзеге асырылатынын талқылайтын боламыз», — деп түйіндеді министр.

Добавить комментарий