Молдовада «Әуе бастионы — 2023» ауқымды оқу-жаттығу жиындары өтеді

Британ, румын және француз әскерилері Молдовада «Әуе бастионы — 2023» атты бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Мұндай ауқымды оқу-жаттығулар ел аумағында алғаш рет өткізіледі. Бұл туралы өзінің Telegram-арнасы арқылы Молдавия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығу барысында Молдова Ұлттық армиясының, сондай-ақ Франция, Румыния және Ұлыбритания армиясының әскери техникасын пайдалану жоспарлануда. Әскери-көлік бөлімшелері 25-27 мамыр аралығында Молдоваға келеді, олар Леушены бақылау-өткізу пунктінен өтіп, Кишинев арқылы Бульбоак әскери базасына келеді. Әзірге оқу-жаттығуларды өткізудің нақты мерзімі туралы ақпарат жарияланбады.

Аталған оқу-жаттығу жиындары әскери саладағы ынтымақтастықты дамытуға және елдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған. Олар сондай-ақ Молдованың қорғаныс қабілетін нығайтуға және түрлі елдердің әскери құрылымдары арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді арттыруға ықпал етеді.

Добавить комментарий