Молдовада тұтынушылар үшін газға жаңа тариф енгізілді, бұл оның бағасын айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Энергетиканы реттеу жөніндегі ұлттық агенттік тарифті 36%-ға төмендету туралы шешім қабылдады, енді азаматтар газды 1 текше метрі үшін 18 лейге (€1) сатып ала алады. Бұл туралы Pro TV агенттігі агенттіктің шешіміне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін «Молдовагаз» газ тарату компаниясының басқарма төрағасы Вадим Чебан халық үшін газ тарифін төмендетілуі мүмкін екенін айтқан болатын. Соңғы екі жылдың ішінде газдың бағасы 4-тен 29 лейге дейін өсті ($0,25-тен $1,6-ға дейін). Алайда импортталған отын бағасы үштен бірге, бір мың текше метр үшін $653 дейін төмендеуі тарифтерді төмендетуге мүмкіндік берді. Қазір Молдова Днестрдің оң жағалауы үшін газды еуропалық жеткізушілерден алады, ал Ресей газы Приднестровьеге жіберіледі.
Молдова былтыр газ бен электр энергиясы бағасының өсуіне байланысты энергетикалық дағдарысқа тап болды. Бұл жылдық 30%-дан асатын инфляцияға алып келді. Өткен жылдың басынан бері елде оппозиция өкілдері Молдов президенті Майя Сандудың отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етіп жаппай наразылық акциясын өткізіп жатыр. Наразылық білдірушілер ел билігін экономикалық дағдарыспен және күнкөріс деңгейінің нашарлауымен күресе алмады деп айыптауда.