Молдова вакцинаның жеткізілу мерзімін жариялады

Молдованың денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы қашан елге жеткізілетіні жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, елге вакцинаның алғашқы партиясы ақпан айының ортасында жеткізіледі.

«Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы ақпан айының ортасында Молдавияға жеткізіледі. Әңгіме Pfizer/BioNTech вакцинасының 24 570 дозасы, сондай-ақ Oxford/AstraZeneca вакцинасының 264 000 дозасы болып отыр», — делінген мәлімдемеде.

Нақтыланғандай, 30 қаңтар күні Молдавия вакциналарды COVAX механизмі арқылы жеткізуге тиісті растама алды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Молдавияда коронавирустың 159 513 жағдайы анықталды. Қазіргі таңда елде COVID-19-дан 149 562 адам емделіп шықты, 3434 науқас қайтыс болды.

Добавить комментарий