Молдова Президенті Украинаға көмек көрсету қажеттігін мәлімдеді

Молдова президенті Майя Санду Украинаға көмек көрсету керек екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында айтты, деп хабарлады молдовалық NewsMaker басылымы.

Санду елдерді Украинаға жеңіске жету үшін көмектесуге шақырды, әйтпесе, оның айтуынша, «әрқайсымызға қауіп төнеді».

«Біз демократияға сенеміз, демократияны бағалаймыз, еркін әлемнің бір бөлігі болғымыз келеді және жалғыз шешім — күш біріктіру. Иә, бұл қиын, бірақ біз Украинаға осы соғысты жеңіске жету үшін көмектесуіміз керек, әйтпесе әрқайсымызға қауіп төнеді… Біз Ресейді таяу болашақта демократиялық ел болады деп есептемейміз, бұл қауіп сақталып отыр деген сөз», — деп мәлімдеді Санду.

Ол сондай-ақ Молдова энергетикалық дағдарысқа ұшырағанын айтты.

Санду Молдова «атап айтқанда, Еуроодақ пен серіктестерінің зор көмегінің арқасында» сын-қатерлерді еңсеріп жатқанын атап өтті.

Желтоқсан айында Санду Ресеймен сындарлы қарым-қатынас орнатпайтынын мәлімдеді.

Добавить комментарий