Молдова Президенті Приднестровья аймағының мәселесін бейбіт жолмен шешуге ниетті

Молдова Президенті Майя Санду Приднестровья мәселесі бейбіт жолмен шешілуі керек екенін айтты.

«Біз Ресеймен прагматикалық, сындарлы қарым-қатынас орнатқымыз келеді, осы үшін бар күш-жігерімізді саламыз, оның нәтижесі екі тарапқа да байланысты. Қос елдің арасындағы келіссөздердің күн тәртібінде — Приднестровья проблемасы тұр. Аталған мәселені талқылап, ортақ шешімге келе алмай отырмыз. Біздің позициямыз Сыртқы істер және Еуропалық интеграция министрлігі арқылы беріледі. Диалогты жалғастыру керек, себебі бұл мәселе бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы ғана шешілуі мүмкін», — деді Санду жұма күні өткен баспасөз мәслихатында.

Добавить комментарий