Майя Санду Киевтегі брифинг кезінде жиналғандардың алдында украин тілінде сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік! Сейсенбі күні алғаш рет Молдавия президенті ретінде Киев қаласына барып, украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл төрт жыл ішіндегі Молдова-Украинаның жоғары деңгейдегі алғашқы келіссөздері.
«Бүгін Киевте Молдова Республикасының Президенті ретінде алғашқы ресми сапармен келгеніме қуаныштымын», — деді Санду украинша.
Оның айтуынша, оның сапарының мақсаты жоғары деңгейдегі диалогты қайта жаңғырту болып табылады, себебі Украина Молдавия үшін стратегиялық серіктес болып табылады.