Молдовада билік басында отырған президенттің партиясы парламентте басым дауысқа ие болды.
Молдавия президенті Майя Сандуды қолдайтын Әрекет және ынтымақ партиясы (ӘЫП) парламент сайлауында 52,53% дауыс жинап, үкіметті жеке дара құра алады. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясында жексенбі күні өткен дауыс берудің қорытындысы бойынша бюллетеньдердің 99,58%-ы өңделгеннен кейін хабарлады.
ӘЫП-дан кейін екінші орында — коммунистер мен социалистер блогы 27,36% дауыс жинады. Олардан бөлек сайлау шегін тағы бір құрылым — 5,78% дауыс жинаған аймақтық Шора партиясы өтті.
Бюллетеньдерді санау әлі ресми түрде аяқталған жоқ, алайда, комиссия мәліметі бойынша, Сандудың партиясы парламенттегі 101 мандаттың 51-ден астамын иеленді және үкіметте басым орынға ие болды. Бұл парламентке өту үшін 5 пайыздық кедергіні еңсере алмаған партиялардың дауыстарын пропорционалды қайта бөлу есебінен болады.
ПДС қол жеткізген нәтиже Молдавиядағы парламенттік сайлау тарихындағы ең жақсы көрсеткіш. Бұған дейін 2001 жылғы парламенттік сайлауда тек Коммунистер партиясы ғана 50,07% жинаған. Алдын ала есептеулерге сәйкес, Сандудың партиясы парламенттен 101 мандаттан 60-61-ін ала алады.
Сайлау қорытындысын елдің Конституциялық соты растауы керек.