
Молдова Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Игорь Додонның үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бас прокуратураның ресми өкілі Мариана Керпек прокуратура қызметкерлері сейсенбі күні «Молдова-Ресей іскерлік одағының» басшысы, елдің экс-президенті Игорь Додонның үйіне тінту жүргізіп жатқанын растады.
«Иә, растаймыз. Тергеу шаралары айыптаудың көптеген баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде пассивті жемқорлық, отанға опасыздық жасау, заңсыз баю», — деді Керпек.