Молдова «Газпромды» сотқа бермек

Молдова газды жеткілікті мөлшерде сатып ала алмағандықтан «Газпроммен» соттасатынын мәлімдеді.

Молдованың вице-премьер-министрі, инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Андрей Спину Кишинев ресейлік «Газпромды» Moldovagaz компаниясымен қол қойған келісімшартты орындамағаны үшін сотқа береді деп мәлімдеді.

Спину DW басылымына берген сұхбатында: «Біздің газ бен электр энергиясын нарықтан сатып алуға мәжбүр болуымыз — «Газпромның» кінәсі және біздің заңгерлер ресейлік концернді келісім-шартты орындамағаны үшін сотқа беру үшін егжей-тегжейлі пысықтап жатыр.

Біз сондай-ақ кепіл шығындарын өтеуді сұраймыз, себебі олардың салдарынан біз ақшаны басқа сегменттерден қайта бөліп, несие алуға мәжбүр болдық», — деп толықтырды ол.

Спину молдовалық Moldovagaz компаниясы «Газпроммен» келісім-шартқа отырғанын, және ол газ жеткізу көлемін азайту үшін шартты бұзуды немесе өзгертуді талап етпегенін еске салды: «Олар өз міндеттемелерін елемеуде. Бұл үшін жауап береді».

Спину өтінімдер мен нақты жеткізілген газ көлемі туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Добавить комментарий