Минск: зейнеткерлер Беларусь астанасының көшелеріне қайта шықты

Минск зейнеткерлері қазіргі билік жүргізіп отырған саясатқа наразылық танытып отыр. Бұл жолы олар Минск қаласының Тәуелсіздік алаңында «Даналық шеруі» атты акцияға жиналды.

Бұл іс-шаралар Минск үшін дәстүрге айналды. Олар әр дүйсенбі сайын өтеді. Акцияға қатысушылар Қызыл шіркеу жанына жиналды, милиция қызметкерлері жиналғандарға шараға рұқсат етілмегенін айтып, ескертіп жатыр, деп хабарлайды беларустық Onliner порталы. Алаңда бірнеше ондаған наразылық білдірушілер бар, олар елдің қазіргі басшылығының отставкаға кетуі және жаңа президент сайлауын өткізу талабымен ұрандар айтуда. Алаңда ОМОН қызметкерлері, МАИ экипаждары Мәскеу көшесінен Тәуелсіздік даңғылындағы көліктердің қозғалысын тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жаңа жылдық шырша төңірегінде наразыларды қоршап алды.

Минск метрополитенінің баспасөз қызметі қауіпсіздік мақсатында «Ленин алаңы» (Тәуелсіздік алаңы жағынан кіру) стансасының кіріп-шығу үшін № 2 вестибюлі жабылды. Осы станцияда поездар тоқтатылады.

Бұған дейін Тәуелсіздік алаңынан Якуб Колас алаңына дейін шыққан зейнеткерлердің наразылық акциясына 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Бұған дейін екі рет тәртіп сақшылары зейнеткерлерге дәстүрлі журетін жолдарымен жүруіне мүмкіндік бермеді, милиция рұқсат етілмеген шаралардың бірнеше қатысушысын ұстады.

Добавить комментарий