Минскіде Қазақстанның Беларусьтегі дипломатиялық миссиясының басшысы Ерлан Байжанов пен Сергей Лебедев кездесті. Бұл туралы Достастықтың Атқарушы комитеті хабарлады.
«Кездесу барысында тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және қазақстандық тараптың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық процесстерге қатысуының түрлі аспектілері жөнінде пікір алмасты», — делінген хабарламада.
Кездесудің басты тақырыбы осы жылдың қазан айына жоспарланған ТМД жоғары органдарының отырысына дайындық болды.