«Міндет орындалды»: Интерпол Түркияға ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу салынған қазақстандықты ұстауға көмектесті

Түркияның құқық қорғау органдары Интерполдың ақпараты бойынша, ауыр қылмыс жасағаны үшін қызыл қағазбен іздеуде жүрген Қазақстан азаматын қамауға алды. О.О. есімді ер адамды Измир Бас прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Барлау басқармасының қызметкерлері ұстады.

Patnos haber газетінің хабарлауынша, ұсталған қазақстандық «халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болды», «құмар ойындары үшін орын тауып беріп, мүмкіндік жасады» және «сыбайлас жемқорлық» секілді қылмыстары үшін іздеуде болды. Күдікті Измир қаласында тұратын мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары нәтижесінде ұсталды.

Бұған дейін Интерполдың ақпараты бойынша шетелден қайтарылған қазақстандық әйел қамауға алынған болатын. 39 жастағы әйелге кәмелетке толмаған балаларды сатқаны және құжаттарды қолдан жасағаны үшін іздеу салынған.

Добавить комментарий