Microsoft Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашуды жоспарлап отыр


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-51841-1681121719-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Microsoft Қазақстанда көршілес елдерді, сондай-ақ Кавказ бен Пәкістанды қамтитын мультиаймақтық хаб ашуды жоспарлап отыр. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, корпорацияның қазақстандық филиалының директоры Сергей Лещенко бұл шешімді Министрлік басшысы Бағдат Мусинмен кездесу барысында жариялады.

«Қазіргі инфрақұрылымды пайдалана отырып, біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді», — деді Лещенко. Хабтың қызметі Орталық Азия мен Моңғолиямен шектелмейді, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Грузия және Пәкістанды қамтитын болады.

«Microsoft қызметін локализациялау Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Осылайша, хаб Microsoft корпорациясының технологиялық даму және инновациялар орталығы бола отырып, шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алады» — деп атап өтті Бағдат Мусин.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айында Нью-Йоркке сапары барысында Қазақстанда Microsoft-тың қызметін кеңейту мәселесі талқыланды. Наурыз айында Астанадан келген делегация ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу үшін Кремний алқабына барды.

Добавить комментарий