ГФР канцлері Ангела Доротея Меркель Ресей энерготасымалдағыштарды жеткізу жөніндегі міндеттін орындап жатқанын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ «Солтүстік ағын-2» құбыры арқылы газ тасымалдау әзірге мақұлданбағанын атап өтті.
Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдің Еуропаға газ жеткізу бойынша міндетін орындамай жатыр деген деректерден хабарсыз.
Бұл туралы ол сәрсенбі күні 5-6 қазанда Словенияда өткен ЕО — Батыс Балқан бейресми саммитінің қорытындысы бойынша хабарлады.
«Ресей жеткізуді орындамаған тапсырыстар бар ма деген сұрақ туындап тұр. Бірнеше күннің ішіндегі ақпаратыма сәйкес, — бүгін күндікін айта алмаймын — олай емес», — деп, Ресей тек келісім-шарттық міндеттемелер негізінде ғана газ жеткізеді деп толықтырды.
«Солтүстік ағын — 2″ әлі сертификаттау процессінен өту керек», — деді Меркель.
Оның айтуынша, энергетика нарығындағы жағдай қазан айында өтетін ЕО саммитінде талқыланады.
6 қазан күнгі сауда-саттықтың ашылуында Еуропада газдың бағасы жаңа рекордтық көрсеткішке дейін күрт өсіп, 1 мың текше метрге $1 500, содан кейін $1 700-ден асып түсті. «Солтүстік ағын — 2» газ құбырының бірінші желісін сынау басталғанына қарамастан, Еуропадағы газ құны өсуде.