Ангела Меркельөзі канцлер қызметінен кеткеннен кейін де Германия Ресеймен диалогты жалғастыруы керек дейді.
Ол өзінен кейін билік басына келетін адамға Германияның құндылықтары мен мүддесін ескере отырып, диалог құру қажет екенін айтты
Германия канцлері Ангела Меркель өзінен кейін үкімет басына келетін мұрагеріне Ресеймен диалогта сақтап қалу керек екенін, оны ГФР құндылықтары мен мүддесін ескере отырып жүргізуге кеңес беретінін мәлімдеді.
«Біз кез келген елмен құндылықтарымыз бен мүдделеріміздің негізінде келіссөздер жүргізіп келеміз. Менің ойымша, біз Ресеймен диалогты сақтауға әрдайым мүдделі болуымыз керек», — деді ол бейсенбі күні Берлинде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Ол Ресейде ҮЕҰ-ның қызметіне шектеу қойылғанына өкініш білдірді, оның айтуынша, бұл «азаматтық қоғаммен арадағы байланысқа қиындатады». «Бұл, менің ойымша, Германия-Ресей қарым-қатынасына сыза түсуіне түрткі болады», — деді ол. «Бірақ [бұл] Ресей президентімен жүздесуден бас тартуына алып келмейді», — деп Меркель, ГФР мен РФ-ның Украина бойынша ұстанымдары бірдей болмағаны үшін, екі елдің қарым-қатынасына сыза түскенін атап өтті.
«Осыған қарамастан, диалогтсы сақтап, мәселенің шешімін табуға тырысу керек», — деп кеңес берді Меркель өзінен кейін канцлер қызметіне келетін мұрагеріне.
26 қыркүйекте Германияда парламент сайлауы өтеді, оның қорытындысы бойынша жаңа канцлердің жетекшілігімен ГФР-де жаңа үкіметі құрылады. Меркель өз кандидатурасын ұсынбады және саяси мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Христиандық-демократиялық одақ пен Христандық-әлеуметтік одақтың (ХДО/ХӘО) құрамындағы блоктан канцлер қызметіне кандидат Армин Лашет, «жасылдардан» Анналена Бербок, Германияның әлеуметтік-демократиялық партиясынан Олаф Шольц болып табылады. Сауалнамаға сәйкес, дауыс берушілер арасында ХДО/ХӘО-нің танымалдылығы «жасылдардан» 10 пайыз асып түседі.