“Мені киімдегілер атып кетті”: 11 күдікті қамаудан босатылды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікті 11 азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, енді оларды ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатты.

Жеті күдікті тергеу изоляторында, тағы 4 күдікті ауруханада болған.

Қазақстандық «КТК» телеарнасының сюжетінде айтылғандай, күдіктілер тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған.

Олардың қанды оқиғаларға қатысқан жоқпыз деп отыр.

Күдіктілер былай деп мәлімдеді:

«Мені азаматтық киім кигендер атып кетті — қолым ісіп кетті. Күдікке іліндім. Олар мені митингке қатысып, халыққа қарсы шықтың деп отыр».

«Мен жеке көлігіммен нысандарды араладым. Мен күзет бастығымын. Нысандардағы жарықты сөндіріп, қызметкерлер қауіпсіз жерде болсын деген бұйрық түсті», — дейді күдікті.

Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Заңгерлер бейбіт митингіге шыққан немесе кездейсоқ ұсталған қарапайым азаматтар темір торға тоғытылуы мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ адвокаттар құқық қорғау органдарының әрекетін қадағалап, прокурорлармен бірлесіп жұмыс істеуін тексереді.

Қазір Алматының бір ғана изоляторында 250-ден астам күдікті бар.

Добавить комментарий