«Менің елім — менің тілім»: қазақ белсенділері қоғамдық қозғалыс төңірегінде бас қосып жатыр

Қазақстанда «тіл проблемасы» төңірегінде кезекті даулы жағдай орын алды, қазақстандық белсенді Қуат Ахметов интернет ресурстарының бірінде тілдік патрульдің бейнеролигін жариялады, онда белсенділер дөрекі түрде қазақша сөйлеуді талап етеді.

Белсенділердің әрекеті орыс тілді ақпараттық кеңістікте сынға ұшырады. Сонымен қатар, аталған тақырып ресейлік ірі федералдық бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде кеңінен жарияланды. Бұл қоғамдық резонанс тудырып, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, онда ол мұндай сипаттағы әрекеттерге жол берілмеу керек екенін айтып, ҚР-да халықтың 90%-ы орыс тілін білетінін атап өтті.

«Тіл патрулін» ұйымдастырушы Қуат Ахметовке Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі ел аумағына кіруіне 50 жыл мерзімге шектеу қойды.

Фото: Қазақстандық белсенділер ҚР-да орыс тіліне қысым жасалып жатыр деген айыптауларға жауап берді

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі елдегі маңдайшалар тек мемлекеттік тілде жазуды, қажет болған жағдайда аударуды міндеттейтін заңнамалық норманы енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Тіл патруліне қатысты жағдайға ресми тұлғалар елде тұрмыстық ұлтшылдықтың бар екенін мойындап отыр, алайда мемлекеттік деңгейде тілдік немесе ұлттық белгілері бойынша қысым жасалып жатқанын жоққа шығаруда. Тіл мәселесі бойынша белсенді азаматтар бас қосып жатыр.

Фото: Қазақстандық белсенділер ҚР-да орыс тіліне қысым жасалып жатыр деген айыптауларға жауап берді

Аталған мәселе қоғамдық деңгейге шықты. Белгілі блогерлер мен журналистер «Менің елім — менің тілім» қоғамдық қозғалысына қосылуға шақырып жатыр. Олардың мақсаты айқын. Бір жағынан, сыртқы арандатушыларға ашық тойтарыс беріп, өзінің азаматтық ұстанымын жария түрде мәлімдеу, екінші жағынан — мемлекеттік тілді енді ғана үйрене бастағандарға көмек пен қолдау көрсету.

Добавить комментарий