«Мемориал» қызметкерлері нацизмді ақтады деген күдікке ілінді

«Тергеу комитетінің қызметкерлері Халықаралық Мемориал» ұйымының (РФ-да ҮЕҰ-шетелдік агент деп танылған) бұрынғы бірнеше қызметкерінің, оның ішінде басқарманың экс-төрағасы Ян Рачинскийдің үйінде тінту жұмыстарын жүргізуде.

Интернеттегі нацизмді ақтау туралы қылмыстық іс аясында Мәскеудегі бірнеше пәтерлерде тінту жұмыстары жүргізілуде.

Қозғалған қылмыстық іс саяси лаңкестік құрбандарының тізімінде үш адамның аты болуымен байланысты.

Олардың бірі неміс полиция бөлімшесінде жұмыс істегені үшін лагерьге қамалды. Қалған екеуі – Отанға опасыздық жасаған әскери қызметшілер.

«Мемориал» өз мәлімдемесінде тінтуді негізсіз деп атады және оны тоқтатуға шақырды.

Добавить комментарий