Конституциялық сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң ережелерінің бірі ел Конституциясына сай келмейді деген шешім шығарды.
Көрсетілген норма мемлекеттік қызметке кіру алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған үміткерді мемлекеттік қызметке орналастыруға болмайды деп қарастырады. Бұл ретте мемлекеттік қызметке тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді».
Хабарланғандай, Конституциялық сот азамат Б.Қ. Аргумбаевтың өтінішін қарау қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Конституцияның 24-бабы 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес емес деп таныды.
«Үкімет 6 айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ҚР заңнамасын осы нормативтік қаулыда жазылған ҚР Конституциялық сотының құқықтық позицияларына сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасын енгізуі қажет», — делінген хабарламада.