Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, соған сәйкес жеке тұлғалар, қойма иелері Салық қызметшілеріне есеп бермеуі мүмкін. Алайда, бұл оларды қойма салығын төлеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «ҚКөп пәтерлі тұрғын үйлердегі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын қоймалар үшін мүлік салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге қатысты салық міндеттемелерінің туындауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VII Заңымен Салық кодексінің 529-бабының 3-тармағына 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қоймалар (бұдан әрі-қоймалар) бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығын салық органдарымен есептеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді».
Бұл өзгерістер салық органдарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде қоймалар бойынша мүлік салығына қатысты салық міндеттемесін орындауды оңайлатады.
«Бұрын салық базасын (объектінің бағалау құнын) айқындауды, салықты есептеуді, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырғанын атап өткен жөн. Осылайша, қоймалар бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді, бұл ретте бюджетке салық төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни салық кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады. Осыған байланысты, 2023 жылдан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі қоймалар үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық есептілігін ұсыну қажеттілігі алынып тасталынды. Мәселен, 2022 жылғы салық кезеңінде салық есептілігін ұсынудың қажеті жоқ», — деп толықтырды ведомстводағылар.
Сондай-ақ Заңмен, салық салу объектісін және салық салу тәртібін айқындау бөлігінде «тұрақ орындары» терминінің дұрыс түсіндірілмеуін болдырмау мақсатында Салық Кодексінің 528-бабының 1) тармақшасына және 529-бабының 3-тармағына нақтылау сипатындағы толықтырулар енгізілді.
Бұл ретте, «тұрақ орындарына» салық салу тәртібі өзгермегенін атап өтеу қажет, бұрынғыдай «тұрақ орындары» бойынша салықты есептеу «гараждарға» ұқсас жүргізілетін болады.
Аталған өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ.