Мемлекеттік инспектор пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Мемлекеттік еңбек инспекторы 1,5 млн теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«2022 жылғы 3 тамызда № 2 қылмыстық істер сотының үкімімен Байменов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлайды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Бұған дейін Байменов ЖШС өкілінен өндірістегі жазатайым оқиғаға қатысты тексеру фактісі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін Т1,5 млн сомасында пара алды деген күдікке ілінген.

Добавить комментарий