Мемлекеттік хатшы радикалдар елдегі тәртіпсіздікті өз мүддесі үшін пайдаланбақ болғанын айтты

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин елдегі қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге радикалдар мен радикалды ағымның мүшелері қатысқанын айтты.

«Арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйым мүшелерінің соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады. Сондай-ақ шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың аталған оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл бастамақ болған. Бұл әрекеттерді арнайы қызметтер дер кезінде жолын кесті», — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы жаппай тәртіпсіздіктерді қандай ұйым ұйымдастырғанын айтты.

«Сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі ашық түрде күш қолдану әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды. Сол ұйымның чаттары арқылы ғимараттарды басып алу, жолды, көлік қозғалысын жабуға қатысты нұсқаулар берілді. Бұл әрекеттер әртүрлі өңірде синхронды болды. Аталған топтарға бағыт-бағдар беріліп, шабуыл жасау үшін жаңа тапсырмалар берілді. Сот экстремистік ұйым деп таныған ұйым радикалды ұйымға айналды «, — деп хабарлады Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, ол тәртіпсіздікке шетелдіктерге қатысқанын айтты.

«Арнайы қызметтер аталған желіні пысықтауды жалғастыруда. 20 желтоқсанда бір мезгілде еліміздің аумағына бір топ шетелдік азаматтардың келгені аныықталды, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болған», — деді Ерлан Қарин.

Қаңтар айының басында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты наразылықтар жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бас прокуратураның хабарлауынша, тәртіпсіздік кезінде 225 адам қаза тапқан.

Добавить комментарий