АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі міндетін атқарушы Элизабет Кеннеди Трюдо Қырғызстанға келмекші. Оның құзыретіне жұртшылықпен байланыс мәселелері кіреді.
Ол сондай-ақ 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Қырғызстанға барады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде айтылған.
Аталып өткендей, 12 күндік сапар АҚШ-тың дипломатиялық миссияларымен саясат және хабар алмасу мәселелері бойынша жұмыс істеуге арналған. Сондай-ақ Ресей мен ҚХР тарапынан жалған ақпаратқа қарсы тұру, АҚШ-тың Ауғанстан халқына үнемі қолдау көрсету, әлеуметтік теңдік, БАҚ бостандығы және климат мәселесі де декларациялануда.
Мемлекеттік хатшы көмекшісінің міндетін атқарушы Трюдо жоғарғы лауазымды тұлғалармен және азаматтық қоғам ұйымдарымен, шетелдік БАҚ пен баспасөзбен, АҚШ-тың ықпалды тұлғаларымен, студенттерімен, журналистерімен және қоғамдық дипломатия өкілдерімен кездеседі.
Ол Қырғызстанда шенеуніктермен, БАҚ және даму ұйымдарының өкілдерімен, әлеуметтік желінің ықпалды пайдаланушылармен кездеседі. Элизабет Трюдо баспасөзз бостандығы маңыздылығы мен АҚШ билігінің кәсіпқойлықты арттыру мен БАҚ тәуелсіздігін нығайтуға қолдауын талқылайды.
Мемлекеттік хатшының көмекшісінің міндетін атқарушы өзгеріп жатқан медиаландшафты талқылау үшін Қырғызстан үкіметінің ресми өкілдерімен кездеседі. Гендерлік зорлық-зомбылық, гендерлік теңдік пен инклюзивті экономикалық дамуды талқылау үшін жергілікті ҮЕҰ-мен кездесу өткізеді деп жоспарлануда. Элизабет Трюдо бірқатар жергілікті БАҚ өкілдеріне жеке сұхбат береді.