Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкіміне жаңа тапсырмалар берді

23 июня 03:41 / Опубликовано в Саясат

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары жөнінде баяндалды. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі кезеңде облыстың экономикасында оң өзгерістер байқалады.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласының даму көрсеткіші – 102,8, өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 105,2, сауда – 103, құрылыс – 114,3 пайызға артқан. Облыс әкімдігі жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап қалуға ниетті.

Президент азаматтардың сенімін ақтау, сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысына әкімшілік-аумақтық реформалардан кейінгі жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, Алматы облысы мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына өзгерістер енгізілетіні жөнінде ақпарат берілді.

Әкімнің айтуынша, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және туризм сияқты экономиканың инвестициялық тартымды секторларына ерекше көңіл бөлінеді.

Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс орталығын Қонаев қаласына көшіру жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар жөнінде есеп берілді.

Президент жаңа әкімге облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, үш ауысымдық мектептерге, ирригациялық жүйелерді жаңартуға, медицина және қоғамдық көлік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Алматы облысы, Ақорда, Марат Сұлтанғазиев, Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать ещё

Су кодексіне енгізілген түзетулерге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды
Ангела Меркель 20 тамызда Мәскеуге барады
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Бір доллар үшін 470 теңге: Ұлттық банк маусым айында теңгенің күрт әлсіреуінің себебін айтты

    Қазақстан Ұлттық банкі ағымдағы жылдың маусым а...
  • 800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жасап шығаруға дайын

    800 америкалық компания Украинаға қару-жарақ жа...
  • Пара алған шенеунікке 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Ақмола облысында шенеунік пара алғаны үшін 10 ж...
  • Қазақстан бітімгерлерді Африкаға жібереді

    ...
  • Мадридте Түркия мен АҚШ президенттері кездесті

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мадридте ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: