Қазақстан билігі қант қызылшасын өсіретін шаруаларға субсидияны тоннасына 25 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Қазақстанда қант қызылшасын өсіру тиімділігін арттыру үшін 2023 жылы дақылдарды субсидиялау нормативі ұлғаяды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Біз шаруаларды қолдап, салаға көптеп инвестор тартқымыз келеді. 2023 жылдан бастап қант қызылшасын субсидиялау нормативін тоннасына 15-тен 25 мың теңгеге көбейтеміз»- деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Facebook-те.
Ол келесі жылы шаруалар өз өнімінің әр тоннасы үшін жалпы 40 мың теңге алатын болатынын айтты. Қазір бұл сома қайта өңдеу зауыттарының ставкасын қоса алғанда 30 мың теңгені құрап отыр.
Осылайша, біз қант қызылшасынан түсетін табысты жүгері, рапс және соя сияқты басқа дақылдардың деңгейіне жеткізілетін болады.
«Субсидиялардың өсуі инвесторлардың салаға қызығушылығын арттырып, олардың көптеп келуіне жол ашады деп есептеймін. Ал, бұл өз кезегінде қант өндірісін дамытуға серпін береді. Сондай-ақ еліміздегі импорттық шикізатқа тәуелділік азаяды, нәтижесінде түпкілікті тұтынушы — сіз бен біз үшін бағаның тұрақты болуына негіз болады», — деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Осыны ескере отырып, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қазірден бастап жерді келесі жылы қант қызылшасын егуге дайындау жөніндегі барлық агротехникалық шараларды бастауға шақырды.
Бұған қоса елімізде қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.