Мелитополь мэрі РФ-ның ауыр техникасы Херсонға жақындағанын айтты

Мелитополь мэрі Иван Федоров ресейлік әскерилер Херсон бағытына 80-ге жуық ауыр әскери техника жіберетінін айтты.

«Оккупанттар ауыр әскери техниканы жібереді. Мелитополь арқылы Херсонға қарай 3 колонна — 80-ге жуық техника өтті».

Ол ресейліктер басып алған аумақтардан адамдарды шығармай, оларды тірі қалқан ретінде пайдалануды көздеп отырғанын айтты. Атап айтқанда, Васильевкадағы блокбекетте 5000 мыңнан астам адам кезекте тұр.

АҚШ-тың Соғыс зерттеу институтының (ISW) сарапшылары Запорожье мен Херсон облысында басқыншылар Украина әскерінің контршабуылын күтіп, позицияларын нығайтатып жатқанын хабарлады.

Жергілікті билік оккупацияланған Херсонск облысының тұрғындарына облыстан шығуға, ал шыға алмағандарға ұрыс қимылдарына дайындалуға кеңес берді.

Добавить комментарий