Мелита Вуйнович: «COVID-19 пандемиясының екінші толқыны әлі аяқталған жоқ»

Індетке шалдыққан науқастардың саны азайғанымен, коронавирус пандемиясының екінші толқыны аяқталған жоқ. Бұл туралы ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді.

«Екінші толқын аяқталған жоқ. Ол ауруға шалдыққандардың саны азайғанымен, кейбір елдерде қайта өршуді байқап отырмыз, тіпті бірінші толқындағы эпидемиологиялық деңгейге жетпеді. Сондықтан өте сақ болу керек», — деді Мелита Вуйнович.

Ол көптеген елдердің халқында әлі де «жеткілікті иммунитет» қалыптаспағанын баса айтты.

ДДСҰ өкілі қауіпсіздік шараларын сақтау вирустың ықтимал мутациясын болдырмау үшін де маңызды екенін тағы да атап өтті.

«Әлеуметтік қашықтықтықты, жеке бас гигиена шараларын сақтау, бетперде тағып жүру маңызды, себебі вирус адамнан адамға жұққанда мутацияға ұшырауы мүмкін. Вирустың еркін таралуына жол бермейік», — деді Мелита Вуйнович.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ДДСҰ әлем халқының шамамен 10%-ында COVID-19-ға қарсы антидене бар екенін мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий