Украиналық әнші Анастасия Приходько ресейлік поп-музыка орындаушылары Вера Брежнева мен оның күйеуі, продюсер Константин Меладзені қара тізімге енгізіп, Украина аумағына кіруге тыйым салу керек екенін мәлімдеді.
Антиресейлік мәлімдемелері мен «АТО батырларын» мадақтауы оларға Ресейде ақша табуға кедергі болмады.
Оның айтуынша, ерлі-зайыпты Украинаға сатқындық жасаған, оларды барлық атақтар мен наградалардан айырып, сондай-ақ Украина аумағындағы олардың барлық мүлкін тәркілеу қажет.
Придьконың пайымдауынша, Брежнева 2014 жылы «агрессивті орыстардың» алдында өнер көрсетуін тоқтатпай, отанына сатқындық жасаған. Сонымен қатар, ол Ани Лорак пен Светлана Лободаны қара тізімге енгізу қажет деп санайды.