Мектептер алты күндік оқу аптасына ауысады

Алматы қаласының білім басқармасы мектеп оқушыларына жүктемені азайту үшін алматылық мектептері үшін алты күндік оқуға ауысады деп шешті.

Жаңа оқу жылында Алматыдағы мектептердің басым бөлігі алты күндік оқуға ауысады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

«Күні кеше БҒМ хабарлағандай, мектептер өздері бес немесе алты күн оқуды таңдайды. Мектептер бұл мәселені қарастырып жатыр: оқу жоспары, мұғалімдер мен балаларға жүктеме. Айта кетерлігі, мектептердің басым бөлігі балалар мен мұғалімдерге күнделікті жүктемені болдырмау үшін алты күндік оқуды таңдайды. Бүгінде менде олардың саны туралы нақты дерек жоқ. Кейінірек айта аламын», — деп хабарлады спикер баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, білім басқармасы мектептерге алты күндік оқуға ауысыға кеңес беретінін айтты.

«Балалар өткен оқу жылында және оған дейін бір тоқсан онлайн оқығандықтан, білім сапасы кемшіліктерінің орнын толтыру үшін балалар күнделікті оқуы керек, не дегенмен біз мектептерге алты күндік оқуға ауысуға кеңес береміз», — деді Ләззат Жылқыбаева.

11 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бес күндік оқу аптасы тиімді және қажет екенін, бірақ кейбір мектептер санитарлық талаптарға байланысты ауыса алмайтынын атап өтті.

Добавить комментарий