Мектеп оқушыларына қазақ тілінен емтихан тапсыруға міндеттеледі

Мұндай өзгерістер келесі 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізіледі.

Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады.

Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.

Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.

Оқыту сапасын арттыру үшін қандай шаралар қабылданатыны туралы хабарланбады.

Добавить комментарий