Ақтөбе облысында мектеп директоры 600 мың теңге ақшалай сыйақы алып, танысының әйелін жұмысқа алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Шалқар сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, пара алды деп айыпталған сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот оған 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салды, деп жазады «Диапазон». Сондай-ақ, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.