Мексикада тағы да журналисті өлтіріп кетті

Мексикада журналист Хуан Архон Лопес өлі күйінде табылды. Оның денесі Сан-Луис-Рио-Колорадо қаласы маңынан табылды.

Мексиканың солтүстігінде өлі күйінде табылған тәуелсіз журналист басынан соққы алған, деп мәлімдеді билік өкілдері.

Бұл соңғы кездегі ең қауіпті мамандық иелері — журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің 14-ші өлім жағдайы.

Сонора штатының прокурорлары бұған дейін Хуан Архон Лопестің мәйіті Сан-Луис-Рио-Колорадо қаласының маңында табылғанын жариялаған болатын. Олардың айтуынша, 9 тамызда жоғалған журналисттің денесін татуировкасымен таныған.

Денесін қарап-тексергеннен кейін, Лопес «басынан соққы жасалып» қайтыс болды, деп хабарлады штаттың жұртшылық істері жөніндегі министрлігі.

Штат прокуратурасының басшысы Клаудиа Контреас тергеушілер Лопестің өлімі оның жұмысымен байланысты болған-болмағанын анықтайтынын мәлімдеді.

Добавить комментарий