Мексика РФ мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды

Мексика Президенті қос тарапты Украина аумағында туындаған қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Андрес Мануэль Лопес Обрадор атап өткендей, бейбітшілікке келуге әлі кеш емес.

Мексика билігі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге шақырады. Бұл туралы сенбі күні кешке Латын америкалық елдің мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор мәлімдеді. Оның бейнеүндеуі Twitter-де жарияланды.

«Бейбітшілікке келуге, келісімге келуге әлі кеш емес, — деді Президент. — Украина мен Ресейдің халқы, сондай-ақ әлемдегі басқа да халықтардың соғыстан зардап шекпеуі үшін бейбітшілікке қол жеткізуіміз керек, өйткені соғыс орны толмас қасіретке алып келеді, бұған қалай болса да жол бермеу керек». Лопес Обрадор Мексика Украинаға Ресей әскерлерінің баса-көктеп кіруін «қолдамайтынын», өйткені өз елі «баса-көктеп кіруден зардап шеккенін» және олардың бірінен кейін өз аумағының «жартысынан көбін» ауырылғанын атап өтті. Президент Мексика қақтығыстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге қосылатынын айтты, бірақ қашан және қалай беретінін айтпады.

Республиканың СІМ басшысы Марсело Эбрард 24 ақпанда ресейлік қарулы күштердің Украинаға басып кіруін айыптап, оның аумақтық тұтастығын құрметтеуді және дереу атысты тоқтатуды талап етті. Лопес Обрадор кейінірек Мексика РФ-ға санкция салмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Мексика бейтарап позицияда екенін және Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерде делдалдық күш-жігерін ұсынбайтынын хабарлады.

Добавить комментарий