McDonald’s Israel ЦАХАЛ сарбаздары мен медициналық мекемелер үшін мыңдай тегін түскі ас берілетінін жариялады. Израильдегі McDonald’s франшизасының иесі Омри Падан күн сайын қауіпсіздік күштеріне, медициналық қызметкерлерге және өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға 4 мың түскі ас берілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, компания қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен құтқарушыларға бүкіл Израиль бойынша 220 мейрамхананың кез келгенінде 50% жеңілдік ұсынды.
Бұл шешім көптеген елдердегі тұрғындардың ашуын тудырды. McDonald’s-тың Түркия, Ливан және Мысырдағы филиалдары вандализм актілеріне тап болды, ал Газаны қолдауға арналған шерулер Мысырдан бастап Малайзияға дейінгі бүкіл мұсылман әлеміндегі мейрамханалардың жанында өтті.
Палестинаны қолдайтын көптеген мемлекеттердегі, негізінен Парсы шығанағы елдеріндегі McDonald’s франшизасының иелері Израиль филиалының әрекетіне ешқандай қатысы жоқ екенін деп мәлімдеді. Олардың кейбіреулері тіпті Газаның тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Мәселен, Кувейттегі McDonald’s басқарушы компаниясы израильдегі филиалдың әрекетін халықаралық компания немесе оның кез келген бөлімшесі тарапы мақұлдаған немесе қолдаған деп емес, жеке бастама ретінде қарастыру керектігін баса айтты.