McDonald’s Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін

Қазақстандық McDonald’s франшизасы Қазақстан нарығынан кетуге ниетті екенін хабарлады. Бұған ет жеткізілім мәселесі себеп болып отыр.

Бұл туралы Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазады.

Қазақстандағы мейрамханалар желісі ресейлік ет жеткізішулердің орнына басқасын таба алмады. Корпорация жергілікті франшиза Food Solutions-қа ресейлік жеткізушілерден котлет сатып алуға тыйым салды, ал баламалы жеткізілім көздері тым қымбат болып шықты, деп жазады басылым.

Сот McDonald’s бұл жағдайға түсініктеме бермеді.

Қазақстандық McDonald’s мейрамханалар желісі былтыр қараша айында ресейлік компаниялармен жеткізілім мәселесі қиындағаннан кейін жабылды. Food Solutions басқа жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп, желтоқсанда өз мейрамханаларын ашуды жоспарлаған, бірақ дегені болмады.

Компанияның иесі — кәсіпкер Қайрат Боранбаев, ол қазір квазимемлекеттік сектордағы қаражатты ұрлады деген айыппен сотталып жатыр.

Добавить комментарий