Мажарстан Премьер-Министрі Путин Норманд форматында кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен өткен әңгімелесуінің нәтижелері туралы хабардар етті.

Мажастандық саясаткер Ресей президентінен атысты тоқтату режимін енгізуді сұрады.

Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан Владимир Путинді Украина, Франция және Германия басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Мажарстанға шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Орбанның айтуынша, Путин оқ атуды тоқтату туралы ұсынысын оң қабақ танытты, алайда ол өз шарттарын қойды.

Бұл ретте Мажарстан премьері РФ президенті нақты қандай шарттар қойғанын айтқан жоқ.

Бұған дейін Виктор Орбан Украинаға қару жібермейтінін және соғысқа араласпайтынын айтқан болатын.

Добавить комментарий