
Мажарстан Қазақстанда мұнай өндіру мәселелеріне қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді.
Бұл туралы Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто айтты.
«Қазақстан үкіметі мақұлдаса, келесі жылы газ өндіруге кірісеміз», — деді ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Егер мәміле жасалса, Венгрияның ірі мұнай-газ компаниясы — MOL Қазақстанмен әріптестік орнатады.
«Олар табиғи газ өндіретін технологияны салды, 2023 жылы газ өндіруге кірісу үшін барлық стратегиялық шешімдер қабылданды», — деп толықтырды Петер Сийярто.
Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Қазақстанға жұмыс сапарымен екі жақты ынтымақтастықты, атап айтқанда, Ресейге қарсы салынған санкциялар аясында энергия ресурстары саласындағы әріптестікті талқылау үшін келді.