Марат Күлдіков ТЖ вице-министрі қызметінен босатылды

Марат Күлдіков ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

11 шілдеде Марат Күлдіков өз еркімен қызметінен кету туралы рапорт бергені туралы белгілі болды. ТЖМ хабарлағандай, оның қызметінен кетуі президенттің Абай облысындағы өрт бойынша сынына қатысы жоқ.

Марат Күлдіков 2020 жылдың қазан айынан бастап төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр қызметін атқарып келді.

Добавить комментарий