Браконьерлерге қарсы күресте қазавиалесқорғау саласы үлкен көмек көрсетуде. Күзет қызметі Марқакөл көлінің жағалауындағы жағдайды әуеден бақылайды. Ал жердегі патрульмен балық инспекторлары айналысады.
Мұндай қатаң шаралар соңғы статистикамен негізделген. Жыл басынан бері Қазақстанның шығысында браконьерліктің 300-ден астам фактісінің жолы кесілді. Тек уылдырық шашу кезеңінде 32 әкімшілік іс қозғалды.
Облыстың бірнеше жағалау аудандарының тұрғындары жауапқа тартылды. Заңсыз балық аулаған балықшылардан 300 килограмнан астам балық тәркіленді. Биыл браконьерліктен келген залал 4 млн теңгеден асты.
«68 тор және14 балық аулау құралы тәркіленді. Марқакөл бойынша — 10 бекетте инспекторлар түнеп, ауысым бойынша жұмыс істейді. Біз аумақтық инспекциямен үнемі кесте бойынша жұмыс істейміз», — деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Фархат Байбазаров.