Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айында шағын бизнесті несиелендіру 1,3%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
«2022 жылдың мамыр айында шағын бизнесті несиелендіру 1,3%-ға төмендеп, Т3,99 млрд-қа жетті», — делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, шағын бизнеске берілген несиелер корпоративтік сектор несиелерінің жалпы көлемінің жартысын құрайды.
2022 жылғы мамырда компанияларға теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 15,8% -ды құрады, делінген ақпаратта.