Францияның Сыртқы істер министрлігі Малиде франциялық журналисттің жоғалғаны туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы кеше, 5 мамыр, сәрсенбі күні Agence France-Presse хабарлады.
«Біз Мали Оливье Дюбуаның жоғалып кеткені туралы ақпаратты растаймыз, — деп атап өтті сыртқы саясат ведомствосы. — Біз оның отбасымен және Мали билігімен байланыстамыз».
Бұған дейін журналистің ұрланғанын «Шекарасыз тілшілер» ҮЕҰ бас хатшысы Кристоф Делуар мәлімдеген болатын. «Оливье Дюбуа Малидегі Гао қаласында материал дайындап жүрген. Ол 8 сәуір күні түстен кейін қонақ үйге оралмады, — деп жазды Делуар өзінің Twitter-дегі парақшасында. — Ол Le Point Afrique және Liberation басылымдарының тапсырысы бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі журналист, осы қауіпті аймақты жақсы білетін».
Ұйым басшысының айтуынша, ҮЕҰ «бұл оқиға туралы екі күннен кейін хабардар болды». «Ол жұмыс істейтін редакциялармен келісіп, біз жағдайдың тезірек оң шешілуіне кедергі келтірмеу үшін бұл оқиғаны жарияламау туралы шешім қабылдадық», — деп толықтырды ол. «Біз Франция мен Мали билігін оны босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды сұраймыз және оның отбасы мен жақындарына барынша қолдау білдіреміз», — деп атап өтті Делуар.