Франция президенті Эмманюэль Макрон уақыты келгенде Украина президенті Мәскеумен келісімге келуге тура келеді деп мәлімдеді.
Франция көшбасшысы Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер орын алады жеп отыр.
Франция президенті Эммануэль Макрон Украина мен Еуропалық одақ арасында «қолдаудың белгісі» ретінде жаңа келіссөздер қажет екенін, сондай-ақ РФ-мен диалог жалғасуы керектігін мәлімдеді. Бұл туралы 15 маусымда Bloomberg Макронның Румынияда сөйлеген сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Уақыты келгенде ұрыс қимылдары тоқтап, келіссөздер қайта басталуы керек. Президент Зеленскийге Ресеймен келіссөздер жүргізуге тура келеді, біз еуропалықтар қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну үшін сол келіссөздерге қатысамыз. Шындық осы және бұл орын алуы тиіс», — деп мәлімдеді ол.
«Біз еуропалықтар құрлықта және географиялық орналасқан жеріміз бір. Ресей әл де сонда. Ол кеше болды, бүгін де сол жерде және ертең де сол жерде болады», — деді Франция Президенті.
Ол Франция соғысты қатаң айыптайтынын және Ресейді агрессор ел екенін атап өтті.
«Қазіргі міндет — Ресейді әшкерелеу және айыптау болып табылады, бірақ біз Ресеймен соғыспайтынымызды мойындауымыз керек. Сондықтан Украинаның әскери жеңісі немесе Украина-Ресей келісімі орын алуы керек», — деп атап өтті Макрон.
Бұған дейін Украина мен оның шығысеуропалық одақтастары француз көшбасшысын қолдау көрсетіп, «Ресейдің беделін сақтап қалуға» шақырғаны үшін сынаған болатын. Осылайша, Макрон соғыс аяқталғаннан кейін дипломатиялық шешім табу үшін Ресейді «қорламау» маңызды екенін бірнеше рет мәлімдеген.