Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус пандемиясының екінші жылы бұған дейінгіден қарағанда ауыр болуы мүмкін деген болжам жасады.
ДДҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымға соңғы екі аптада келіп түскен статистикалар аурудың қайтадан шыңға жеткенін көрсетеді деп мәлімдеді.
«Біз пандемияның екінші жылына кірдік және коронавирустың таралу динамикасын ескерсек, ол бұрыңғыдан да ауыр болуы мүмкін», — деп түсіндірді ол.
ДДСҰ өкілі солтүстік жарты шарда, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада инфекцияның таралуының көбеюіне әкелетін факторлар аяз, үй-жайлардың ішінде адамдардың жиналуы, сондай-ақ көптеген елдерде коронавирустың жаңа штаммға айналуы екенін атап өтті.
ДДСҰ-дың COVID-19 бойынша техникалық жетекшісі Мария ван Керкховенің айтуынша, мерекелерден кейін кейбір елдерде жағдай нашарлайды.
«Мен қайталанатын шыңдар мен төменгі нүктелердің осы схемасында қалатынымызға алаңдаймын. Қазір бізде вирустың таралуына бақылау орнатуға көмектесетін көптеген құралдар бар екені жақсы жаңалық болып табылады», — деп атап өтті сарапшы.
Бұған дейін ДДСҰ COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет 2021 жылы пайда болмайды деп мәлімдеген болатын, алайда коронавирус өте төмен деңгейдегі қауіп-қатерге айналады деп айтқан болатын.