Майкл Помпео: «Тәжікстан мен Түрікменстан — дін бостандығы бұзылған елдер»

АҚШ Тәжікстан мен Түрікменстанды дін бостандығын бұзу саласында ерекше алаңдаушылық тудыратын мемлекеттер қатарына жатқызды.

Тізбе Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның 7 желтоқсан, дүйсенбі күні жарияланған хабарламасында берілген.

Бұрынғы кеңестік республикалардан басқа, 10 елден тұратын тізімге Бирма, Иран, Қытай, КХДР, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Эритрея кірді. Мемлекеттік департамент басшысы атап өткендей, бұл мемлекеттер «діни сенім бостандығының жүйелі түрде жалғасатын өрескел бұзушылықтарына» қатысады.

Ресей Комор аралдарымен, Куба және Никарагуамен қатар ерекше бақылау тізіміне енгізілген. Бұл елдердің үкіметтері «діни сенім бостандығын елеулі түрде бұзумен» айналысқан немесе оларға жол берген, деп түсіндірді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

Сонымен қатар Судан мен Өзбекстан ерекше байылау тізімінен шығарылды. Вашингтон өз шешімін осы елдердің билігі соңғы жылы қол жеткізген айтарлықтай прогресспен түсіндірді.

«Олардың батыл реформалары басқа халықтар үшін үлгі болады», — деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Добавить комментарий