«Майқайыңалтын» шұңқырға құлаған автобус апатынан кейін жұмысын тоқтатты

«Майқайыңалтын» АҚ кен байыту фабрикасында автобус шұңқырға құлағаннан кейін 1 сәуірге дейін жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Павлодар-онлайн». Шахталарда жұмыс тоқтатылуына байланысты кәсiпорынның шикiзат қоры таусылып жатыр.

Фабрика қызметкерлеріне жұмыс тоқтап қалуына байланысты жалақының 50% -ы төленетін болады. Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров жұмысшыларды толық босату қарастырылмайтынын және 1 сәуірден бастап кәсіпорын өндірісті қайта бастауды жоспарлап отырғанын растады.

Еңбек басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта 153 қызметкер жұмыссыз отыр, оларға жалақысының 50%-ы төленеді. Олардың ішінде 109 адам — шахтер, ал 44 — тау-кен техникасы учаскесінде жұмыс істейтін мамандар.

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні шақырту алғаннан кейін шахтаға бара жатқан құтқарушылар мінген автобус алтын кенішінің жанында шұңқырға құлаған. Үш құтқарушы мен жүргізуші автобуста болған, олардың екеуінің денесі оқиғадан кейін табылған.

Добавить комментарий