Махамбет ауданының әкімі қаза тапты

Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Махамбет ауданының әкімі 31 шілде түнде Жайыққа батып кетті.

Газеттің мәліметінше, Ринат Жанқылыш Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы арнайы жабдықталмаған жерге шомылған. Әкімнің жанында адам болғаны-болмағаны белгісіз.

Оның денесі әлі табылған жоқ. Аталған ақпаратты аудан әкімдігінің қызметкерлері растады.

Әкімнің суға батқаны туралы хабар Махамбет ауданының ТЖД кезекші бөліміне 31 шілде күні сағат 22:38-де келіп түскен. Жанқылышов белгісіз жағдайда Жайыққа батып кетті.

Оқиға орнына Атыраудан бір техника мен үш құтқарушы, сондай-ақ ТЖД бастығы аттанды. Жағдайдың мән-жайлары анықталуда.

Ринат Жанқылышов 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырауда дүниеге келген. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеушісі болып бастаған. 2006-2018 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындарды басқарды. 2018-2019 жылдары Атырау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Добавить комментарий