Махачкала әуежайы жаппай тәртіпсіздікке байланысты уақытша жабылды

Росавиация Махачкала әуежайы жаппай тәртіпсіздікке байланысты ұшып келетін және ұшып кететін рейстерге қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты деп жариялады. ТАСС мәліметі бойынша, бұл оқиға Палестина-Израиль қақтығысына байланысты ұйымдастырылған наразылық кезінде орын алған. Жүздеген наразылық білдірушілер әуежай аумағына басып кіріп, Тель-Авивтен ұшып келген жолаушыларды іздеген.

Мәскеу уақытымен сағат 19:17-де алынған ақпарат бойынша, наразылық білдірушілер халықаралық терминалға кіріп кеткен, салдарынан рейстерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Росавиация бұл шара жағдай қалпына келгенше күшінде болатынын және Махачкалаға қонуы тиіс ұшақтар қосалқы аэродромдарға бағытталғанын нақтылады.

Ресейдің тәртіп сақшылары РФ ҚК 212-бабы зорлық-зомбылық пен мүлікті жоюға, сондай-ақ атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіпсіздікке қатысушылардың барлығы әуежай аумағындағы және оған іргелес жатқан аймақтардағы бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықталады.

Добавить комментарий